Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде аяқталмай тұрған құрылыс нысандары бойынша шаралар қабылданады

Бүгін қалалық әкімдікте Ақтөбе қаласының әкімі І.С.Испановтың төрағалығымен облыстық орталық аумағында аяқталмай тұрған құрылыс нысандары бойынша кеңес өтті. Оған прокуратура, жергілікті полиция қызметінің, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласы өкілдері және т. б. қатысты.
«Құрылысты уақтылы аяқтауды қамтамасыз ету және объектілерді пайдалануға беру- маңызды мәселе»,- деп қала әкімі І.Испанов атап өтті. Бұл қз кезегінде қаланың сәулеттік келбетін жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу мен салықтар түсүіне ықпал етеді.
Құрылыс нысандарының уақытылы аяқтау бойынша мәселе облыс әкімінің тұрақты бақылауында. Қала әкімінің өкімімен арнайы жұмыс тобы құрылды, оның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері кірді. Жұмыс тобы Ақтөбе қаласының аумағында апта сайын аяқталмай тұрған құрылыс нысандарын аралауды жүргізіп, сот процестеріне қатысады және жағдайды бақылайды.
Кеңес барысында сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Танат Шегебаевтың бүгінгі күні жүргізілген жұмыс туралы баяндамасы тыңдалды.
Ақтөбе қаласының аумағында 25 аяқталмай тұрған құрылыс нысандары болған еді. Олардың арасында қонақ үй кешендері, әкімшілік және өндірістік ғимараттар, жанармай құю бекеті, сауда үйлері, көп қабатты тұрғын үйлер, ойын-сауық орталықтары, кафе, медициналық мекемелер және т.б.
Т.Шегебаев мәселеге егжей-тегжейлі тоқталып, олардың әрқайсысының бүгінгі жай-күйін, бітпеген объектілердің иелерімен атқарылған жұмыстар, қабылданған шаралар туралы хабардар етті.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні 3 нысан пайдалануға берілді, оның ішінде 12Б шағын ауданындағы "Медиа-Про" Жастар орталығы, Әйтеке би, 45 көшесіндегі 2 қабатты әкімшілік-тұрмыстық ғимарат, Гришина,76 көшесіндегі дүкенге қосымша құрылыс. 21 аяқталмай тұрған құрылыс нысандары қалды.
7 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары қайта жаңғыртылған, олардың иелері қысқа мерзімде құрылысын аяқтауға ниетті. Бірқатар бітпеген нысандар демонтаждалған, бірқатар объектілер бойынша қала әкімі жанындағы қала құрылысы кеңесінің қарауына материалдар енгізілді, жаңа иелерімен қаржыландыру мәселесі шешіледі және т. б.
6 нысан бойынша нысандардың құрылысын аяқтау міндеттері туралы талап-арыздар сотқа берілген, 5 талап арыздар қанағаттандырылды.
Сонымен қатар, нысаналы мақсаты бойынша игерілмеген жерлер жөніндегі материалдар құзыретті органдарына жіберіледі, жерді мемлекет пайдасына қайтару туралы талап-арыздар сотқа берілді.
Кеңес барысында жүргізілетін жұмыстар талқыланып, бірқатар аяқталмай тұрған құрылыс нысандары иелерінің есептері тыңдалды.
Қорытындылай келе, оң нәтижелер көрініп тұр, қала әкімі жұмыс тобының мүшелеріне жұмысты жалғастыруды, әрбір нысан бойынша барлық сұрақтарды мұқият пысықтауға, жұртшылықты және БАҚ өкілдерін кеңінен тартуын тапсырды.
Кеңес барысында, аукциондар нәтижесінде 3 жылға жалға алынған жер учаскелерін пайдалану бойынша мәселелер қарастырылды. Белгілі болғандай, аукциондар арқылы азаматтық-өнеркәсіптік құрылыс үшін қала әкімдігімен жер учаскелерін беру жұмыстары атқарылуда. Осы мәселе туралы Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы Ұ.Мынбаев хабардар етті.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50