Қазақша   Русский

RSS-лента

Жігерлі рух

Жыл сайын қазан айының екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының мүгедектер Күні аталып өтіледі. Бұл күн - ең алдымен, мүгедектердің мәселелеріне өзгелердің назар аударуына, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін кедергісіз орта құру қажеттілігіне, мүгедектерді қоғамдық өміріне интеграциялауға ықпал ету үшін бағытталған.
Өткен жексенбіде Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов бірқатар ақтөбеліктердің үйлеріне барып, қайтты. Бақытгүл Исмагұловамен, Гүлім Құрманбаевамен, Тельман Мажитұлы Мұқашевпен, Виктория Квашамен және Асқар Қалдыбаевпен қала әкімі кездесті.
Қала басшысы ауруға қарамастан, қиындықтарды жеңіп алған, сондықтан, белсенді өмір салтын жүргізетін, қаланың қоғамдық өміріне қатысатын, спортпен, кәсіпкерлікпен айналысатын ақтөбеліктерге шынайы ризашылығын білдіріп, зор денсаулық, отбасылық бақыт, жігерлі рух, өз күшіне сенім және одан әрі өмірлік оптимизм тіледі.
Тельман Мажитұлы Мұқашев 1-топтағы мүгедек, 2 бала тәрбиелеген. Тельман Мажитұлы жеке кәсіпкер. Ағаш кесу жұмыстарымен, ұлттық керек-жарақтар, бесік, сандық дайындаумен айналысады. Бұл істе оған жұбайы мен ұлы көмектеседі.
Гүлім Құрманбаева балалық шақтан мүгедек, пауэрлифтинг бойынша спорт шебері, жеңіл атлетика бойынша спорт шеберлігіне үміткер. Ол пауэрлифтингтен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионы, Параолимпиадалық 2015-2016 ж. ж. ойындарында алтын медаль иегері.

Виктория Кваша 1-топтағы мүгедек, ҚР мүгедек қыздар арасындағы бірінші сұлулық ханшайымы. Қоғамдық өмірге белсенді түрде қатысады. Виктория жоғары білімді, репетитор болып жұмыс істейді, қазақ тілін жақсы меңгерген. Тұрмыста, қызын тәрбиелеп отыр.
Қалдыбаев Асқар, ауған соғысына қатысқан. Асқар аға жеке кәсіпкер. Тамақтанатын және жазбаша үстелдерді, сондай-ақ, қол жуғыш (биіктігі бойынша реттеуге болады) өзі ойлап тапты және патент алды. Бұл істе оған жұбайы мен қызы көмектеседі.
Бақытгуль Исмағұлова, тұрмыста, 2 ұл тәрбиелеп өсірді. Қоғамдық өмірге белсенді қатысады. Қолөнермен, тоқумен айналысады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50